31 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №149 

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2016 жылғы 18 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы №149 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі 1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарындағы айналыстағы құралдар: 1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар; 2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҮ) бағалы қағаздары; 3) корпоративтік борыштық бағалы қағаздар; 4) жылжымайтын мүлік (МВ8) және активтер (АВ8) кепілімен бағалы қағаздар; 5) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар; 6) «кері РЕПО» операциялары; 7) шетел валютасымен және алтынмен депозиттер (салымдар); 8) стандартты туынды қаржы құралдары; 9) құрылымдық өнімдер; 10) валюталар; 11) ақша нарығының қорлары; 12) құйма және металл шоттардағы алтын; 13) исламдық қаржыландыру құралдары. 2. Қазақстандық қаржы құралдары: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары; 2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздарының кепілімен «кері РЕПО» операциялары; 3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 31) тармақшасында айқындалған борыштық бағалы қағаздары; 4) Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің реттелген облигацияларын қоспағанда, борыштық бағалы қағаздары; 5) теңгемен, шетел валютасымен және алтынмен депозиттер (салымдар); 6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен және/немесе кепілгерлігімен шығарылған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар; 7) стандартты туынды қаржы құралдары; 8) құйма және металл шоттардағы алтын; 9) исламдық қаржыландыру құралдары; 10) квазимемлекеттік сектордың және екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарын қоспағанда, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар; 11) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар.